Найза"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том– жақын қашықтықта, бетбе-бет шайқаста түйреу мақсатында қолданылатын қарудың түрі. Ерте заманнан бері әлем халықтарының көпшілігі соғыс және аң аулау кезінде қолданған Батырлар жыры, 6 т., А., 1990. Алғашқыда ұшы ұшталған таяқтан жасалды, бертін келе ұзындығы 1,5 – 2 м-ге дейін жететін ағаш сапқа тастан немесе сүйектен, металдан үшкір ұш орнатылған түрлері шықты. Найзаның ұзын сапты, екі басы үшкір, сауытты бұзуға арналған түрі – “сүңгі” деп аталады. Сүңгілердің ұзындығы 3 – 3,5 м-ге дейін жетеді. Ерте замандарда көшпелі түркі халықтарында лақтыруға арналған қысқа Найзалар – “жылда” Худяков Ю.С., Вооружения средневековых кочевников Южной Сибири и Центральной Азии, Новосиб., 1986 да болған. Ұшының қырлануына қарай Найза сегіз қырлы, төрт қырлы деген түрлерге бөлінген. Сынбас үшін сабын тарамыспен орап, темір шығыршықтармен бекітедіКушкумбаев С.К., Военное дело казахов в XVІІ – XVІІІ вв., А., 2001.. Найзаға жауынгерлер әр түрлі дәрежеде белгі ретінде қыл шашақтар, жалаулар таққан.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Сілтемелер Әдебиет Батыр Жоңғар шапқыншылығы Дастан
Дереккөздер
Санат:Найзалар