Октябрьский — Қостанай облысы Лисаковск қаласына қарасты кент (1957 жылдан бері).

Географиялық орны Лисаковск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде, Тобыл өзенінің оң жағасында дала белдемінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 3633 адам (1751 ер адам және 1882 әйел адам) болса, 2009 жылы 3737 адамды (1819 ер адам және 1918 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1950 жылы боксит кен орындарын игеруге байланысты қаланды. Октябрьскийде шағын тігін фабрикасы, геология, экспедиция, т.б. мекемелер бар. Октябрьскийге таяу жерден Тобыл – Алтынсарин – Хромтау темір жолдары өтеді.Қазақ энциклопедиясы 7- том

Дереккөздер

Санат:Лисаковск қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері