Ғали Орманов (15.8.1907, Алматы облысы, Қапал ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы – 5.9.1978, Алматы) – ақын. Найман тайпасының Матай руының Төртсары бөлімінен шыққан.
Өмірбаяны Қазақ педагогика институтын бітірген (1943). 1929 – 60 ж. Іле ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Жамбыл ақынның әдеби хатшысы, “Майдан” альманағының редакторы, “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының жауапты редакторы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, секция меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Тұңғыш өлеңдер жинағы “Шеңбер” деген атпен 1934 ж. жарық көрді. “Шәуілдір” (1934), “Алынған қамал” (1935) поэмалары, “Абысын сыры” (1936) жыр кітабы, “Көтерме” атты прозалық жинағы (1935) жарыққа шықты. Ормановтың туындылары адамдардың қаһармандық ерлігін, табиғаттың дүлей күшіне қарсы шыққан күресін бейнелеуге арналған. “Халық – қаһарман” (1941), “Емен” (1944) атты жыр кітаптарында соғыстың ауыртпалығын, жауынгерлердің Отанға деген сүйіспеншілігі жолындағы ерліктерін, тылдағы тынымсыз еңбекті сөз етті. Ақын поэзиясы айшықты тілінің ажарымен, оның асыл қазыналарын қолданудағы шеберлігімен ерекшеленеді. “Өмір дастаны” (1948), “Бөбек жүрегі” (1949), “Сәт сапарда” (1957), “Ой қанаты” (1961), “От өзен” (1965), “Жер қазығы” (1972), “Жыр қанаты” (1975), “Жылдар жыры” (1976), т.б. өлең жинақтарында әлеуметтік оқиғаны суреттеуде ақындық шеберлік танытты.
Ол қырғыз эпосы “Манастың” 1-кітабын, А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, Ян Райнистің, Ф.Мақтымқұлының, А.Тоқомбаевтың бірқатар поэмаларын, Л.Н. Толстойдың “Анна Каренина” романын, Н.В. Гогольдің “Нева проспектісі” повесін, А.П. Чеховтың әңгімелерін, М.С. Бубенцовтың “Ақ қайың” романын, М.Тұрсын-Заденің “Үндістан балладалары” өлең кітабын қазақ тіліне аударды. Ормановтың көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімаланған.
Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ленин ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII томҚазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Марапаттары Ленин ордені Еңбек Қызыл Туы ордені Халықтар достығы ордені Қызыл жұлдыз ордені
Ғали туралы естелік Алматыда Многоводная көшесі Ғали Орманов көшесі болып өзгертілді. Талдықорған қаласында Садовая көшесі Ғали Орманов көшесі болып өзгертілді. Қапал ауылдың бір көшесіне және осы ауылдағы орта мектепке Ғали Ормановтың есімі берілді. Ғали Ормановтың есімі – Астана қаласындағы №7 мектеп-гимназияға қойылған. Талдықорған қаласында Ғали Ормановтың бюсті қойылды, 2008 ж. 2008 жылы ақынның дүниеден өткеніне 30 жылдығына орай «Ғали ғибрат» (Көмекке баратын адам) деректі фильмі жарыққа шықты.
Дереккөздер
Санат:15 тамызда туғандар Санат:1907 жылы туғандар Санат:Ақсу ауданында туғандар Санат:15 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1978 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:КСРО ақындары Санат:Қазақстан ақындары Санат:XX ғасыр ақындары Санат:КСРО жазушылары Санат:XX ғасыр жазушылары Санат:КСРО аудармашылары Санат:Қазақстан аудармашылары Санат:XX ғасыр аудармашылары Санат:Поэзияны қазақ тіліне аударушылар Санат:Проза мен драматургияны қазақ тіліне аударушылар Санат:Орыс тілінен аударушылар Санат:Қырғыз тілінен аударушылар Санат:КСРО журналистері Санат:Қазақстан журналистері Санат:XX ғасыр журналистері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Қазақ жазушылары Санат:Қазақ ақындары Санат:КСРО жазушылар одағы мүшелері Санат:Егемен Қазақстан қызметкерлері Санат:Жұлдыз журналы қызметкерлері Санат:Жазушы баспасы редакторлары