Николай Васильевич Павлов (23 мамыр 1893 – 27 сәуір 1971) – биология ғылымының докторы (1937), профессор (1938). 1946 Қазақстан Ғылым Академиясының академигі. 1945 Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылымы қайраткері. 1917 Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын бітірген. 1938–1947 ҚазМУ-да ( қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі, профессор, 1946–1948 Қазақстан Ғылым Академиясының академик хатшысы 1946–1954 Ботаника институтының директоры қызметін атқарған."Қазақ Энциклопедиясы". Ғылыми еңбектер Негізгі ғылыми еңбектері флористика, ботаника, география, өсімдік қоры мәселелеріне арналған. 200-ге жуық ғылыми жарияланымның және 20 монографияның авторы. Марапаттар КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1948) Ленин ордені (1952) «Құрмет Белгісі» (1945) ордені Дереккөздер

Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1893 жылы туғандар Санат:1971 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ботаниктері Санат:Ресей ботаниктері Санат:КСРО ботаниктері Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:К. А. Тимирязев атындағы РМАУ-МАША түлектері