Парафин Қазақ энциклопедиясы 7 т, ( – аз және affіnіs – ұқсас) – C18H38 – C35H72 құрамындағы қаныққан көмірсутектерінің қоспасы; мұнай өнімі. Одан басқа Парафинде изопарафинді, циклопарафинді және нафтенді-ароматты көмірсутектер кездеседі. Физикалық қасиеттері түссіз, иіссіз, дәмсіз, балауыз тәрізді балқығыш зат; балқу температурасы 40 – 65, тығыздығы 0,880 – 0,915 г/см3 (15ӘС-та). Органикалық еріткіштер мен минералды майларда ериді. Қатты Парафинді (балқу температурасы 45 – 70ӘС) парафині көп мұнайдан және парафин-май қоспасын (гача) айырудан алады. Оның жоғары мөлшері (15 – 20%) Маңғыстау түбегіндегі мұнайда кездеседі. Сұйық Парафин (қайнау температурасы 180 – 360ӘС) мұнай өнімдерін карбамидті депарафиндеу кезінде алынады. Алынған Парафин қоспалардан тазартылады. Нашар тазартылған Парафин сары немесе қоңыр түсті және жарықта күңгірт тартады. Таза Парафин тамақ өнеркәсібінде (орағыш материал), медицинада, косметикада , сәндік бояу, иіс сулар мен иіс майлар дайындауда және электртехникада (оқшаулағыш материал) пайдаланылады. Парафин емдеу ісінде, майшам жасауда, жоғары май қышқылдарын, спирттер және жуғыш заттар алуда кеңінен қолданылады.
Дереккөздер</span>
Санат:Мұнай өнімдері Санат:Восктар Санат:Тағам қоспалары Санат:Антифрикцион материалдар