Саржан Қасымұлы - сұлтан (туған жылы белгісіз — 1836 жылы өлген) — қазақ халқының 1825 — 36 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, Абылай ханның немересі. Қарқаралы округіне қарасты Қарпық болыстығын басқарған. Орта жүзде хандық биліктің жойылуына (1822) тақ мұрагері Ғұбайдолла Уәлиұлы және әкесі Қасым сұлтанмен бірге қарсылық танытып, Ресей өкіметі тарапынан ашылған округтерді жойып, хандық билікті қалпына келтіруді талап етті. Оның осы мақсаттағы Солтүстік және Орталық Қазақстан аудандарын қамтыған көтерілісі (қ. Саржан сұлтанның көтерілісі) он жылдан астам уақытқа созылды. 1836 жылдың жазында Қоқан билеушілері Саржанды інілері Ержан, Есенгелділермен бірге зұлымдықпен өлтірді. Оның бастаған ісін інісі Кенесары жалғастырды;

қ. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

Дереккөздер

Санат: Қазақ сұлтандары Санат: Қазақ батырлары Санат:Абылай хан әулеті Санат:Туған жылы белгісіздер Санат:1836 жылы қайтыс болғандар Санат:Ұлт-азаттық қозғалыстардың көсемдері Санат:Төрелер