‎‎ Сергеев бөгені — Солтүстік Қазақстан облысындағы бөген. Есілдің абсолюттік биіктігі 125–150 м-лік жазық өңірден өтетін орта бөлігіндегі аңғарында 1969 жылы іске қосылған.

Гидрологиялық сипаты Сергеев қаласынан бастап оңтүстікке қарай 75 км-ге созылған. Шарасының ауданы – 117 км2, сыйымдылығы - 695 млн. м3 (1982 жылы 680, 1983 жылы 693 млн.м³ болды). Ені – 7–8 км, орташа тереңдігі – 5,9 м. Жағасының ұзындығы 264 км. Бөгенге Иманбұрлық өзені құяды. Есіл суын тиімді пайдалану мақсатымен салынған. Облыстағы негізгі астықты өңірлердің экономикасында бөгеннің маңызы зор.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.

Дереккөздер

Санат:Солтүстік Қазақстан облысы гидрографиясы