Психоневроз (психо... және — жүйке) — жеке адамның ойлауындағы, сезіміндегі, мінез-құлығындағы қилы-қилы ауытқушылықты сипаттайтын психиатрия мен диагностикалық психоталдаудың басты ұғымы. Психоневроздың нышанына ұғынылмаған еріксіз қимыл-әрекетте сірескен психикалық шиеленіс себеп болады. Психоневроз кейде жыныстық құмарлықпен агрессиялық қимылдың шиеленісу барысында өрши түседі. Психоневроз үрей мен күдікті қоздырып адамның жүріс-тұрысындагы қимыл аумағын иемделу мүмкіндігін тарылтып, оның мінезіне жағымсыз қасиетті жұқтырады.Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Дереккөздер
Санат:Жантану Санат:Медицина