Крассула () – жасаңшөп тұқымдасына жататын бұта, ағаштектес суккулентті өсімдік.Африка, Оңтүстік және Орталық Америка, Азия аймақтарында таралған. Латынша «crassus» сөзі - «толық, жуан» деген мағынаны білдіреді. Сабақтары жуан, тығыз, етті. Жапырағы калың, шырынды, түсі жасыл, жылтыр. Пішіні домалақтау келген, теңгеге ұқсас. Сондықтан болар халық арасында «теңгегүл» немесе «теңге ағашы» деген атпен танымал. Үйде крассула өсірсе ақша шақырады деген қауесет тарап кеткен. Күтімі өте жеңіл өсімдіктерге жатады.

Жарығы Жарық жерде жақсы өседі. Тіке түскен күн сәулесін қажет етеді. Аз уақыттық көлеңкеге де шыдамды.

Жылуы Ауа температурасы қыста 12-15ºС төмен түспегені абзал.

Ылғалдылығы Құрғақ ауаға төзімді. Бірақ шаң-тозаңнан тазарту мақсатында су бүркіп тұру қажет.

Қоректендірілуі Жаз айларында кірпігүлге арналған тыңайтқышпен екі аптада бір рет қоректендіріп тұру керек.

Аурулары Ауруға сирек шалдығады. Тек оның суккулентті екендігін ескеріп, байқап суғару қажет.

Көбейтілуі Сабақ және жапырақ қалемшелері арқылы оңай көбейтіледі.

Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

Дереккөздер Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8

Санат:Жасаңшөптер