Пуансеттия () – сүттіген тұқымдасына жататын өсімдік. Өсімдік туралы Отаны Орталық Америка. Табиғатта мәңгі жасыл біржарым метрлік бұтақты өсімдік. Қазақстанда бөлме гүлдері ретінде өсіреді. Сабақтары тік жуан болады. Жапырақтарының пішіні үйеңкіге ұқсас келеді. Гүлдері майда сары түсті болады. Гүлдеріне қарағанда гүлсағақтары әдемі болады.Гүлсағақтары жапырақтарына ұқсас болып келеді, бірақ түсі қызыл, сары, күлгін түрлері бар. Желтоқсан айында гүлдейтіндіктен, көбінесе қызыл түстісі үлкен сұраныста. Сондықтан халық арасында “жаңа-жыл жұлдызы” деген атауы бар. Пуансеттияның басқа гүлдерден айырмашылығы, бұл өсімдікті гүлдету үшін жарықты азайтып, қараңғыда көбірек ұстау керек. Жаңа-жылға қарсы гүлдеуі үшін, қыркүйек айының соңына қарай, өсімдікті қораппен жауып, қараңғыда 12-14 сағаттан екі ай, гүл бүршіктері шыққанға дейін ұстау қажет.
Жарығы Жарықтың жақсы түскенін қалайды. Бірақ, тіке түскен күн сәулесінен қорғау қажет.
Жылуы Қыста гүлдеу мерзімінде 14-16 ºС төмен болмағаны абзал. Гүлдеп болғаннан кейін, демалу кезеңінде салқын жерде, ал басқа уақыттарда 18-25 ºС өсе береді.
Суғарылуы Демалу кезеңінде сирек суғарады.
Ылғалдылығы Су бүркіп ылғалдандырып тұру қажет.
Қоректендірілуі Күзден көктемге дейін, 14-15 күнде бір рет толық минералды тыңайтқышпен қоректендіреді.
Аурулары Ақ ұнтақ құрты, трипс және өрмекші құрты, кенемен ауруы мүмкін.
Көбейтілуі Қалемше арқылы көбейтеді.
Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт
Дереккөздер Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8
Санат:Сүттігендер