Фатция () – аралия тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Фатцияның «Аралия» деген тағы бір аты бар. Ол табиғатта Оңтүстік Корея мен Жапонияда ғана кездеседі. Әдемілігі жалпақ жапырақтарында. Үй жағдайының өзінде оның бойының биіктігі 1,5-2 метрге дейін жетеді. Өсуі тез. Үй жағдайында жиі өсірілетін түрі Жапон фатциясы (Fatsia japonica). Жапырақтары үлкен, 15-30 см аралығында болады. Пішіні дөңгелек, 5-9 жапырақшадан құралған. Үй жағдайында гүлдеуі екіталай. Гүлдері оншалықты әрлі де емес. Қолшатыр секілді сабақ басына шоғырланып шығады, түсі ақ. Фатцияны үй жағдайында сирек өсіреді. Оны көбінесе флористикада гүлшоғырларын жасау үшін көп қолданады. Әдемі жапырақтары гүлдестелердің көркін кіргізеді. Жарығы: Жарықты жақсы көреді. Тұрған жері ашық, күн жақсы түсетін болса жапырақтары да үлкейе түседі. Алакөлеңкеге де аздап шыдайды. Ал, жаз кезінде таза ауаға шығарғыңыз келсе, тіке түскен күн сәулесінен қорғау керек. Немесе алакөлеңкеге орналастырыңыз. Жылуы: Ауа температурасының 6-10 0С төмендемегені абзал. Ауаның күрт өзгеруінен де зиян шегеді. Салқын жерде тұрған фатцияның жапырақтары кіші, өсуі төмен болады. Суғарылуы: Жазда молынан жиірек, қыста сирек суғарады. Ылғалдылығы: Аса ылғалдылықты қажет етпейді. Бірақ жапырағын шаңнан тазарту мақсатында су бүркіп тұрған дұрыс. Қоректендірілуі: Көктемнен қоңыр күзге дейін әдемі жапырақты өсімдікке арналған минералды тыңайтқышпен екі аптада бір рет қоректендіріп тұрған дұрыс. Тыңайтқыш жапырағының шымыр, әдемі, түсінің қанық болуына көмектеседі. Аурулары: Фатцияға щитовка, өсімдік биті мен өрмекші әуес келеді. Көлеңкеде тұрса немесе ауа қатты құрғап кетсе фатция жапырақтарын түсіре бастайды. Көбейтілуі: Тұқымы және қалемшелеу арқылы көбейтеді. Үй жағдайында сирек гүлдейтіндіктен, ерте көктемде қалемшелеп көбейткен дұрыс.
Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт
Дереккөздер "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
Санат:Аралия тұқымдасы