thumb|200px 7,62 Калашников автоматы (АК, көбінесе қате АК-47 деп атайды) - 1947-ші жылы Михаил Калашников құрастырған және 1949-шы жылы Кеңес Одағының қарулы күштеріне қабылданған автомат.

АК және оның түрлендірілген нұсқалары дүниежүзіндегі ең кең таралған атыс қаруы болып табылады, ол Гиннес рекордтар кітабына енгізілген: бұл автоматтың 100 миллионнан астам данасы бар, ол әлемнің 106 елінің қарулы күштерінің жарақтануына енгізілген. Осы түрге (лицензиялық және лицензияланбаған көшірмелерді, сондай-ақ АК негізінде жасалған үшінші тараптың үлгілерін қоса алғанда) әлемдегі барлық атыс қаруының автоматты түрінің бестен бір бөлігіне дейін тиесілі.

7,62 мм Калашников автоматы негізінде әртүрлі калибрлі әскери және азаматтық атыс қаруларының тұтас бір желісі жасалды. Оған АКМ және АК-74 автоматтары мен олардың түрлендірілген нұсқалары, Калашниковтың қол пулеметі, «Сайга» маркалы карабиндер мен тегіс ұңғылы мылтықтар және басқа да үлгілер, соның ішінде КСРО-дан тыс жерлерде жасалған қарулар кіреді.

2013 жылға қарай Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің қоймаларында және қарулануында Калашников автоматының барлық түрлерінің жалпы саны 17 000 000 дана болған.

Қызықты деректер Калашников автоматын ойлап тапқаны үшін 1947 жылы Михаил Калашников I дәрежелі Сталин сыйлығымен және "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталды. Сыйлық 150 мың рубльді құрады. Бұл ақшаға сол кезде шамамен 10 көлік сатып алуға болатын. 1947 жылы арнайы комиссия автоматты қабылдап, оған АК-47 («Автомат Калашникова-47») деген ресми ат береді. Бірақ қалың көпшіліктің арасында "Калаш" деп аталып кетті. Кеңес Одағы кезінде Калашников автоматын шашып жинауға алғашқы әскери дайындықта алған білім жеткілікті болған. Қарапайым үлгіде жасалғандықтан автомат өте қымбат емес. Тіпті кейбір мемлекеттерде тауықтан да арзан тұрады екен. Foreign Policy журналының бағалауынша Калаш автоматы Үндістанда 4 мың доллар, ал АҚШ-та 70-350 долларды құрайды. Калашников автоматы әлемдегі ең көп таралған автомат ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Қазіргі таңда дүние жүзінде 100 миллионға жуық Калашников автоматы бар. Африканың кейбір елдерінде жаңа туған сәбиге Калаш деп ат қояды екен. Калашников автоматының құрметіне. Калашников автоматын шығаратын Ижевск қаласының тумасы, Ресей боскетболисті Андрей Киреленко АК-47 деген атқа ие болды. "Юту Джаз" құрамасында 47 нөмірде өнер көрсеткені үшін. Египетте, Синай аралдарының жағалауында арнайы Калашников автоматына ескерткіш орнатылған. Ал Иракта АК -47 автоматының үлгісінде салынған дүкендер бар. 2008 жылы Ресей Федерациясының банктері Калашников автоматының суреті бейнеленген тиындар шығарды.

Сыртқы Сілтемелер

Санат:Қарулар