А-Корунья ( ресми , ресми емес исп. La Coruña) — Испания мемлекетінің солтүстік-батысында орналасқан қала, шипажай және кемежай. Галисия автономиялық бірлестігінің құрамына енетін Ла-Корунья провинциясының әкімшілік орталығы. Ла-Корунья қаласы тұрғындарының саны 2009 жылғы санақ бойынша 246 056 адамды құраған.

Географиясы Ла-Корунья қаласы Атлант мұхиты жағалауын бойлай созылып жатыр.

Тарихы ІІ ғасырда Ла-Корунья мүйісінде римдіктер шамшырақ тұрғызады,бүгінгі таңдағы Геркулес мұнарасы.991 жылы Сантьяго-де-Компостелаға бара жатқан қажылар келгеннен соң мұнда кемежай пайда болады.XIII ғасырда патша Альфонсо IX-дың тапсырмасы бойынша кемежайдың айналасындағы елді мекен қайта салынып,Круния деген атау алады.1588 жылы Ла-Корунья портынан "Жеңімпаз армада" деп аталатын соғыс кемелерінің үлкен құрамасы шығады,осы құраманың жеңілісінен кейін қала теңіз қарақшысы Френсис Дрейктің шабуылына тап болады. XVI—XVII ғасырларда Ла-Корунья "Жаңа дүние" деген атпен испан саудасының маңызды орталығына айналады.1809 жылы қаланы Напалеонның әскері жаулап алады.Содан ағылшын генералы Джон Мурдың жасағы қаланы француз әскерінен босатып алады.

Экономикасы Бүгінгі таңда Ла-Корунья қаласы Галисия ауданындағы ең бай алқап.Қаланың кемежайы,мұнай өңдеу өнеркәсібі,алюминий өнеркәсібі,кеме жасау өнеркәсібі,азық-түлік және тоқыма өнеркәсібі жылдан-жылға дами түсуде.Қару-жарақ өндірісі мен балық аулау кәсібі қаланың маңыздылығын одан әрі көтеруде.

Қаланың назар аударарлық орындары Геркулес мұнарасы Ла-Корунья мүйісінің батысында орналасқан Көне қаланың орталық алаңы Мария-Пита алаңы болып саналады Риас-Альтас шипажайы көптеген тамаша қонақүйлері бар және құмды жағажайлы Галисияның атлантикалық жағалауы болып саналады Қаланың көз тартарлық жерлерінің бірі - Санта-Барбара және Санто-Доминго монастырлары Сан-Карлос бақшасында Ла-Корунья қаласын француздардан құтқарушы ағылшын генералы Джон Мур жерленген Сан-Антон сарайы

Сыртқы сілтемелер Ресми беті Муниципалдық кеңес

Санат:Испания қалалары Санат:Галисия елді мекендері