Шанз-Элизе немесе Елисей алаңдары ( немесе les Champs-Élysées, немесе тек les Champs) — Париж қаласындағы VIII округінің басты магистральдарының бірі. Шарз-Элизе даңғылы Конкорда (Келісім) алаңынан басталып Салтанат қақпасына дейін созылған. Ұзындығы - 1915 м, ені - 71 м.

thumb|center|250px|Келісім алаңынан Салтанант қақпасынан қарай көрініс. thumb|center|250px|Шанз-Элизе (Салтанант қақпасынан көрініс)

Сипаттама Шарль де Голль алаңынан (Салтанат қақпасына дейін, "Этуаль" алаңы) басталатын даңғылдың жоғарғы бөлігінде көптеген кинотеатрлар, сәнді бутиктер мен дүкендер орналасқан.

Келісім алаңына дейін апаратын даңғылдың төменгі бөлігі бақшалармен қоршалған және бірнеше сәулетті қоғамдық ғимараттар орналасқан.

Елисей алаңдары Париждің тарихи осінің бөлігі болып саналады. Ол Тюильри бақшаларынан басталып, Лувр мұражайына дейін жалғасады.

Арнаулар Шанз-Элизе көшесіне Джо Дассеннің әлемге әйгілі өлеңі арналған «Champs-Élysées»: «Шуақты күнде де, жаңбырда да, түсте де, түн ортасында да, сіз қалағаныңыздың барлығы Елисей алаңында бар».

thumb|center|700px|Елисей алаңында

Велоспорт Елесей алаңдары Тур де Франс-тың соңғы кезеңінің мәресі болып табылады. Сонымен қатар, ақырғы марапаттау рәсімі Салтанат қақпасының жаныңда өтеді, сондықтан да Елисей алаңы әлем велоспортының әйгілі орынына айналды.

Атақты тұрғындары Сара Бернар, актриса Томас Джефферсон, АҚШ-тың 3-ші президенті Раймон Пуанкаре, Франция президенті

Санат:Париж көшелері