PGE Arena Gdańsk — Польшаның Гданьск қаласында орналасқан футбол стадионы. 2012 жылдың футболдан Еуропа чемпионатының матчтары өтетін ареналарының бірі. Стадионның сыйымдылығы шамамен 44 мың көрерменді құрайды.
Тарихы Стадионның құрылысы 2008 жылы басталып, 2011 жылы аяқталды. 2009 жылдың желтоқсан айына дейін стадион Baltic Arena деген жұмыс атауы болған, бірақ PGE Group компаниясы 35 млн. злотыйға таяудағы 5 жылға дейін стадионның атауына құқығын сатып алды.«Gdansk sells stadium name to PGE — TheNews.pl :: News from Poland»
Стадионның сырты Балтық жағалауындағы сирек кездесетін кәріптасқа ұқсайды. Ғимараттың құрылысы 623 млн. злотыйға бағаланады.
Тағайындалуы Ресми түрде стадионның ашылуы 2011 жылдың 6 тамызында өтті. Болжау бойынша, аренада Еуропа чемпионатындағы C тобының үш матчін және ширек финалды қабылдайды.Гданьск қаласындағы стадионы қолдануға берілді. Еуро-2012-ден кейін стадионда жергілікті «Лехия» футбол клубы ойнайды..
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер PGE Arena Gdansk allstadiums.ru сайтында Стадион құрылысының веб-камерасы
Санат:Польша футбол стадиондары Санат:Гданьск