Қалбағай (жалбағай) – () Дегелектәрізділер (не Ләйлектәрізділер)) отряды - Ciconiiformes Тырнақұтандар тұқымдасы - Threskiornithidae Статусы. 2-ші санат. Саны тез қысқарып бара жатқан түр. Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы. Туыстың бес түрінің Қазақстан фаунасындағы жалғыз түрі. Таралуы.

Евразия мен Солтүстік-шығыс Африканың суқоймалары. XX ғасырдың ортасында Қазақстанның көптеген суқоймалары мен жазықтық өзендерінің атыраптарында мекендегенСпангенберг, 1951аДолгушин, 1960. 80-90-шы жылдары қалбағай тек Еділ-Жайық су айырығының, Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның жекелеген суқоймаларында ғана сақталып қалдыН.Н. Березовиков, Б.В. Щербаков, личн. сообщ.. Мекендейтін жерлері.

Қалың қамыс өскен және ашық саяз сулары бар көлдер, өзендердің атыраптары. Саны.

Қазақстанда 400-650 жұбы есепке алынған, оның ішінде 150-ге жуығы – Торғай ойысының көлдерінде Ауэзов, 1986в, осындайы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шошқакөл жүйелеріндеВ.В. Сибгатуллин, М.Е. Букетов, личн. сообщ, 100 жұпқа жуығы – Іле өзенінің атырабында, 60-70 жұбы – Қапшағай суқоймасында В.В. Хроков, Э.И. Гаврилов, личн. сообщ, 10 жұптайы Науырызым және Қорғалжын қорықтарындаН.С. Гордиенко, личн. сообщН.Н. Андрусенко, личн. сообщ, Тентек өзенінің атырабындаБ.П. Анненков, личн. сообщ, Қара Ертіс өзенінің атырабында – 40-тай жұбы Н.Н. Березовиков, Б.В. Щербаков, личн. сообщ ұялайды. Жайық өзенінің атырабында 1993 жылы 200 басы есепке алынғанБерезовиков, Гисцов, 2001. Негізгі әсер ететін факторлар.

Гидрологиялық режимнің нашарлауының нәтижесінде мекендейтін жерлерінің тозуы және олардың ауданының қысқаруы: қамыстарды өртеу және шабу. Қаскерлік (браконьерство) және ұялау кезінде мазалау факторы, қоректік қорының нашарлауы және қорегін табу орындары – саяз сулар ауданының қысқаруы. Биологиялық ерекшеліктері.

Жыл құсы. Шоғыр құрып, көбіне құтандар, қарабайлар және үлкен суқұзғындарымен бірге ұялайды. Ұясы – қамыста (құлаған қамыс, қопалар), кейде бұталар мен ағаштарда. Ұяда 3-4 жұмыртқа болады. Сәуір – мамырдың ортасынан шайқау басталады және 21-25 тәулікке созылады. Ұясының бұзылуы және балапандарының өлім-жітімге ұшырауы 50-60%. Су омыртқасыздары, балықтардың шабақтары және майда бақалармен қоректенеді. Қорегі және ұялайтын орны үшін бәсекелестер құтандар мен қарабайлар болып табылады. Негізгі жаулары – қара құтан, ала қарға және боз шағала. Қолда өсіру. Қазақстанның хайуанаттар парктерінде көбеймеген. Қабылданған қорғау шаралары.

Қазақстанда Алакөл қорығында қорғалады. Қажетті қорғау шаралары.

Іле өзенінің атырабында, сол сияқты Қара Ертіс өзенінің атырабында қорықтар ұйымдастыру. Ұялайтын жерлерінде гидротехникалық құрылыстарды пайдалану кестесін бақылау; қаскерлер және өрттермен күресу. Шоғырлары орналасқан жерлерге тікелей жақын маңдарда шаруашылық жұмыстарын (қамысты шабу, суқоймаларын күрт толтыру және құрғату) шектеу. Зерттеу жөніндегі ұсыныстар.

Белгілі ұялау шоғырларына мониторинг жүргізу және жаңа шоғырларын іздеу. Әдебиеттер 1. Спангенберг, 1951а; 2. Долгушин, 1960; 3. Ауэзов, 1986в; 4. Н.С. Гордиенко, личн. сообщ.; 5. Н.Н. Андрусенко, личн. сообщ.; 6. В.В. Сибгатуллин, М.Е. Букетов, личн. сообщ.; 7. В.В. Хроков, Э.И. Гаврилов, личн. сообщ.; 8. Б.П. Анненков, личн. сообщ.; 9, Н.Н. Березовиков, Б.В. Щербаков, личн. сообщ.; 10. Березовиков, Гисцов, 2001. Құрастырушы А.Ж. Жатқанбаев

Санат:Ескекаяқты құстар