Эмомали Рахмон (, туған аты-жөні Эмомали Шәріпұлы Рахмонов, , 5 қазан 1952 жыл, Хатлон облысы) — тәжікстандық саясаткер, 1994 жылдан бері елдің Президенті. 1998 жылдың 18 наурызынан бері Тәжікстан парламентінің көбісін алып жатқан солшыл Тәжікстан Халық Демократиялық партиясының басшысы.
Рахмон тұсында Тәжікстанда жеке басына табыну элементтері бар авторитарлық режимді орнады. Саяси қарсыластар қуғын-сүргінге ұшырайды, адам құқықтары мен бостандықтары қатаң түрде бұзылады, сайлаулар еркін және әділ өтпейді, сыбайлас жемқорлық пен непотизм өршіп тұр. Оның отбасы мүшелері түрлі мемлекеттік қызметтерді атқарады, мысалы ел парламентінің төрағасы және астанасы Душанбе қаласының төрағасы болып табылатын ұлы Рустам Эмомали.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Тәжікстан Санат:5 қазанда туғандар Санат:Тәжікстан саясаткерлері Санат:Тәжікстан президенттері Санат:XXI ғасыр саясаткерлері Санат:Қазіргі мемлекет басшылары