Жабысқақ () – айлауыктар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 1 түрі – жатаған жабысқақ (Asperugo procumbens) бар. Биіктігі 10 – 50 (100) см, сабағы етті, жабысқақ тікенді. Жапырақтары ұзынша-эллипс немесе қалақты қандауыр тәрізді, кезектесіп орналасқан. Гүлдері жапырақ қолтығынан шығады. Тостағанша жапырақшалары 5 бөлікке бөлінген, күлтесі күлгін немесе көкшіл түсті. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, мамыр – шілдеде жемістенеді. Жемісі – домалақ жаңғақша. Жабысқақ күздік астық дақылдары мен жоңышқа егілген алқаптардың арамшөбі болып саналады. Халық медицинасында өсімдік тұнбасын демікпе мен тұншығуға қарсы ішеді.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Айлауықтар