Жайынды – Жем алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы жерінде. Ұзындығы 94 км, су жиналатын алабы 1670 км2.
Бастауы Шошқакөл бұйратының солтүстік-батысынан басталып, Жемнің саласы – Атжақсы өзеніне құяды.
Гидрологиясы Көктемде қар ерігенде суы тасиды. Қарашаның басында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Жайылмасы шабындық ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Мұғалжар ауданы өзендері Санат:Жем су алабы