Жалаңаш – Шу өзені алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылының оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 261 м биіктікте. Аумағы 3 км2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 1,2 км, жағалау бойының ұзындығы 12,5 км, орташа тереңдігі 1,5 м. Көктемде су деңгейі көтеріліп, жазда азаяды. Жағалауы жазық келген. Суы тұзды. Желтоқсанның аяғында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Алабы мал жайылымына қолайлы.
Санат:Шу ауданы көлдері Санат:Шу су алабы көлдері