Қаскелең – Іле Алатауының батысындағы тау. Қаскелең мен Ақсай өзендерінің суайрығы.

Географиялық орны Алматы облысы Қарасай ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 3852 м. Ұзындығы 15 км, ені 8 – 10 км. Оңтүстігі мен оңтүстік-батыс беткейлері тік құлама жартасты, қалған беткейлері көлбеулеу келген.

Геологиялық құрылымы Протерозой мен палеозойдың шөгінді жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Шалғынды топырағында альпілік шалғын мен субальпілік өсімдіктер өседі. Солтүстік беткейі мен батыс шатқалдарында қарағайлы-шыршалы орман өскен.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарасай ауданы таулары Санат:Іле Алатауы