Жаман Қызыларай – Қызыларай тау жүйесінің шығысындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 27 км-ге созылып жатыр, ені 8 км. Ең биік жері 1283 м.

Жер бедері Беткейлері көлбеу, сай-жыра, аңғарлармен бөлінген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Бұлаққа бай, Қаршығалы, Қарасу, Ақсай өзендері бастау алады.

Геологиялық құрылымы Пермь жүйесінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Аласа таулы қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында боз, сұлыбас, жусан, әр түрлі бұталар, арша өседі. Шөбі шүйгін, тау аңғарларында қыстаулар (Байғазы, Сона, Кеңасу, т.б.) орналасқан.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары