Жантезек, Қаработа, Сабаз – Алакөл алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысы Мақаншы ауданы жерімен ағады.

Бастауы Тарбағатай тауының орта бөлігіндегі Сұлужотаның оңтүстік беткейінен басталып, Бақты ауылынан 25 км-дей төменде Еміл өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 64 км, су жиналатын алабы 1220 км2. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Суы егін, бау-бақша суғаруға пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5‎

Дереккөздер

Санат:Мақаншы ауданы өзендері Санат:Алакөл су алабы