Жетенсор, Төлен – Қалдығайты өзенінің сағасында орналасқан көл.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Үшана ауылынан батысқа қарай 27 км жерде.

Гидрографикасы Аумағы 3,6 км2, ұзындығы 2,7 км, енді жері 1,4 км, жағалауының ұзындығы 7,8 км. Негізінен Қалдығайты өзенінің суымен толысады. Суы кермек татиды. Қарашада суы қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Жағалауы шабындық және мал жайылымына пайдаланылады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Қаратөбе ауданы көлдері