Тамыздың 11 — Григориан күнтізбесінде жылдың 223-ші күні (кібісе жылдарда 224-ші). Жылдың аяғына 142 күн қалады. __TOC__ , Ұлттық қаһармандар күні , Тәуелсіздік күні

Оқиғалар 1767 — Англияда адамды соңғы рет өртеді. 1804 — Австрия империя болды. 1926 — «Кодак» компаниясы түрлі түсті кинопленканы жасау жұмыстары басталғаны туралы жариялады. 1929 — Иран мен Ирак татуластық туралы келiсiм шартқа қол қойды. 1960 — Чад Франциядан тәуелсіздік алып, Чад Республикасы болды.

Дүниеге келгендер 1748 — Йозеф Шустер (1812), неміс композиторы. 1858 — Христиан Эйкман (1930), голланд дәрігері, физиология және медицинадан 1929 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты. 1926 — Аарон Клуг, британ және Оңтүстік Африка ғалымы, биохимик, химиядан 1982 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты. 1943 — Первез Мушарраф, Пәкістан президенті. 1950 — Стив Возняк, бағдарламашы, «Apple» компаниясының негіздеушісінің бірі.

Қайтыс болғандар 1464 — Николай Кузанский (шын аты Николай Кребс, :en: Nicolaus Krebs), неміс философы, теолог, ғалым, математик. 1907 — Теобальд Кернер, неміс ақыны. 1995 — Алонзо Чёрч, америкалық математик және логик, информатика негіздеріне көп үлес қосқан адам

Сыртқы сілтемелер

Санат:11 тамыз