Жоғарға Мұсабай– Қызылқұм құмының шығысында орналасқан құдық. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 км жерде, теңіз деңгейінен 200 м биіктікте. Тереңдігі 14 м, су шығымы 700 л/сағ., айналасын құм шағылдары қоршаған. Әліп-2, Бектемір,Әменшақ құдықтары жақын орналасқан. Оңтүстігінде 20 км жерде Ұялы қыстауы бар. Мал шаруашылығына пайдаланылады. "Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Құдықтар Санат:Қызылорда облысы географиясы