Жолтай – Обаған алабында орналасқан тұйық көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Златоуст ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км жерде. Теңіз деңгейінен 96 м биіктікте жатыр. Оңтүстік мен батысы төбелі, солтүстік мен шығысы жазықты келеді.

Гидрографикасы Аумағы 3 км2, ұзындығы 2,9 км, енді жері 1,7 км. Жағалау бойының ұзындығы 7,6 км. Солтүстік-батысында ұсақ тұзды көлдер бар. Суы қарашаның басында қатып, сәуірде ери бастайды. Суының тұздылығы орташа. Мал суаруға жарамды.

Санат:Сарыкөл ауданы көлдері Санат:Обаған су алабы