Жоңғар түймебасы () – астралылар тұқымдасы, түймебас туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Жетісу(Жоңғар), Теріскей және Іле Алатауларының тасты, тастақты төменгі белдік беткейлерінде кездеседі. Биіктігі 30 – 35 см, қысқа сүректенген тамыры бар. Сабағы дара, қарапайым, сыртын түк жапқан. Сабағының төменгі бөлігіндегі жапырақтарының табақшалары ұзынша, қанат тәрізді тілімденген; жоғарғылары қандауыр сияқты, отырыңқы. Гүлдері қызғылт қызыл түсті, себет гүлшоғырына топталған. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Тұқымы ұзынша, тықыр, ашық сары айдаршасы бар. Тұқымынан көбейеді. Жоңғар түймебасы өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның«Қызыл кітабына» енгізілген. "Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Күрделігүлділер