Жусанжапырақ, зосимия () – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда далалық, шөлді аймақтардың балшықты, құмды, тастақты жерлерінде кездесетін 1 түрі – ащы жусанжапырақ (Z. absіnthіfolіa) бар. Биіктігі 40 см-дей, діңгек тамырлы өсімдік. Сабағы дара, қатпарлы, сырты түкті. Жапырақтарын ұйысқан сұрғылт түсті түк басқан, жиектері қауырсынды тілімденген. Гүлдері сары түсті, көп сәулелі шатырша гүлшоғырына топталған. Сәуір айында гүлдеп, мамыр – маусымда жемістенеді. Жемісі домалақ, қалың түкті, шеті ақшыл."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Шатыршагүлділер