Жыланды – Аягөз алабындағы өзен.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Көшкентал ауылының оңтүстігіндегі бұлақтардан алып, Аягөз өзенінің саласы – Таңсық өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 27 км. Шағын 54 саласы бар. Өзеннің орта арнасының жағалауы тіктеу, Таңсық өзенінің сағасында жайпақ келген. Көктемгі еріген қар және жауын-шашын кезінде сағасында жайылма пайда болады. Жаз айларында құрғап, қарасуларға бөлініп қалады. Жайылмасы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады. Өзен бойында кішігірім бөген бар.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы өзендері Санат:Аягөз су алабы