Жым таспасы|right|thumb Жым таспасы () – бұршақ тұқымдасы, таспа туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларының тасты, тастақты беткейлерінде, тау ойпаңдарында кездеседі. Биіктігі 50 см-дей, тамыры жуан өсімдік. Сабақтары көп, тік өседі. Жапырақтарының ұзындығы 20 см-дей, жалаң. Гүлдері ақшыл көк түсті, олар шашыраңқы, аз гүлді шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Сәуір айында гүлдеп, маусымда жемістенеді. Жемісі – жалпақтау, қандауыр тәрізді бұршақ. Жым таспасы жылдан-жылға жойылып бара жатқан реликт түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Бұршақтар тұқымдасы Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер