Кемпір – Балқаш көлінің батысындағы төбе.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Сарышаған кентінің солтүстік-батысында 75 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 562 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 9,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км. Көлбеуленген беткейлері бірте-бірте жазыққа ұласады. Солтүстігінде Мұзбелжон, шығысында Үшқара, оңтүстігінде Үлкенжол таулары, батысында Тұздықосқұдық құдығы орналасқан.
Геологиялық құрылымы Кембрий жүйесінің жыныстарынан және элювийлі-делювийлі шөгінділерден түзілген.
Өсімдігі Қоңыр топырағында көде, жусан, шілік, тағы басқа өседі.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары Санат:Төбелер