Қыркүйектің 16 — Григориан күнтізбесінде жылдың 259-шы күні (кібісе жылдарда 260-шы). Жылдың аяғына 106 күн қалады.

Мейрамдар , Тәуелсіздік күні. , Тәуелсіздік күні.

Оқиғалар 1810 — Мексика Испаниядан тәуелсіз екенін жариялады. 1859 — Ағылшын зерттеушiсi Давид Ливингстон Африкадағы Ньяса көлін ашты. 1908 — Уильям Дюранм «General Motors» серiктестiгiн құрды 1963 — Малайзия мемлекеті құрылды 1975 — Папуа — Жаңа Гвинея Аустралиядан тәуелсіз екенін жариялады.

Туғандар 1462 — Пьетро Помпонацци (1525), италияндық философ. 1853 — Альбрехт Коссель (1927), неміс физиологы және биохимигі, 1910 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. 1888 — Франс Эмиль Силланпяя (1964), фин жазушысы, 1939 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. 1893 — Альберт Сент-Дьёрди (:en:Albert Szent-Györgyi) (1986), венгер текті америкалық биохимик, физиология және медицинадан 1937 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.

Қайтыс болғандар 1736 — Габриель Даниель Фаренгейт (:en:Gabriel Daniel Fahrenheit) (1686), термометрге алғашқы рет сынапты қолданған неміс физигі. Фаренгейт шкаласының құрастырушысы. 1847 — Грейс Агиляр (1816), ағылшын жазушысы. 1932 — Рональд Росс (1857), британ бактериологы, 1902 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. 1946 — Джеймс Джинс (:en:James Hopwood Jeans) (1877), ағылшын астрономы және физигі

Сыртқы сілтемелер

Санат:16 қыркүйек