Кенжебай – Шошқакөл бұйратының батысындағы тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданында орналасқан.
Жер бедері, геологиясы Абсолюттік биіктігі 152 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. Солтүстігінде Қазанбай, шығысында Әлітау, оңтүстігінде Түлкіліадыр, батысында Жаңғыбай таулары орналасқан. Көлбеу беткейінің етегі жыралы-сайлы келеді. Бор, палеоген кезеңдерінің бор-мергельді және құмдақты-саздақты шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі Сортаң келген топырағында тасбұйырғын, боз жусан, баялыш, күйреуік сияқты жусанды-сортаңды өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Байғанин ауданы таулары