Көкалақұм – Үлкен Борсық құмының оңтүстік бөлігіндегі құмды алқап.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаңбақты ауылынан 7 км жерде орналасқан.
Жер бедері Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-ге созылған, енді жері 5-6 км. Теңіз деңгейінен шамамен 140 м биіктікте жатыр. Жалды шағыл құмдардың шетінде Қызғалдақ, Жиек, т.б. қыстаулар орналасқан. Жер асты суы 1-25 м тереңдіктен шығады.
Геологиялық құрылымы Палеоген тау жыныстарының үгілуінен қалыптасқан.
Өсімдігі Қоңыр топырағында жусан, шеңгел, жүзгін, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтөбе облысы құмдары