Көкеспе – Желтау тауларының солтүстік-батысындағы төбе.

Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылының солтүстік-батысында 77 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолютiк биіктігі 472 м. Солтүстігінде өзімен аттас құрғақ өзен арнасы, шығысында Жақынжол тауы, оңтүстігінде Жамбасшы құдығы бар.

Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, эфедра, тасбұйырғын өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы таулары Санат:Төбелер‎