Көкжота – Жетісу Алатауының шығыс бөлігіндегі тау сілемі.

Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшбұлақ ауылының оңтүстігінде 45 км жерде орналасқан. Орта Тентек өзенінің сол саласы Аттапқан өзенінің суайрығында. Ең биік жері 3500 – 3600 м шамасында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан құралған. Таудың биік көтеріңкі жерлерінде палеозой граниттері кездеседі.

Өсімдігі Биік таулы белдеуде Тянь-Шань шыршасы мен самырсын ағаштары және шалғынды субальпілік ландшафтармен сипатталады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы