Көкқорым – Матай тауларының шығысындағы тау.
Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Шанханай ауылының оңтүстік-шығысында 22 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2352 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр.
Жер бедері Солтүстік-батыс беткейі тік шатқалды, оңтүстік-шығыс, оңтүстік беткейлері тіктеу келген. Ол біртіндеп жазыққа ұласады. Беткейлері мен етегінде қорымды тастар көп кездеседі. Көкқорымның батыс және шығыс етегінен шағын өзендер бастау алады. Шығысында Алтынемел асуы орналасқан (1711 м).
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы палеозой дәуірінің герцин қатпарлығынан пайда болған.
Өсімдігі Тау баурайындағы бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас жусан, изен, бетеге, селеу өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Кербұлақ ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы