Никита Сергеевич Хрущев (According to official Soviet sources and his memoirs. His birth certificate gives 3/15 сәуір. Tompson, p. 2. — 11 қыркүйек 1971, Мәскеу) — 1953—64 жж. КОКП ОК бірінші хатшы, 1958—64 жж. КСРО Министрлер Кеңесі төрағасы, Кеңес Одағы ері, үш рет Социалистік еңбек ері.
Өмірбаяны 1908 жылдан Донбастың шахталары мен зауыттарында жұмыс істеген. нобай|оңға|Бірінші әйелі Ефросиния Писаревамен. 1916 жыл 1918 — 20 ж. Азамат соғысына қатысты, кейіннен Донбасс пен Киевте шаруашылық және партия қызметтерінде болды.
1929 — 31 ж. Мәскеуде Өнеркәсіп академиясында оқыды.
1931 жылдан Мәскеудегі партия қызметінде болып, 1935 — 1938 ж. БК(б)П Мәскеу облысы және қалалық комитеттерінің 1-хатшысы, 1938 жылдың қаңтарынан 1947 жылдың наурызына дейін Украина К(б)П ОК-нің 1-хатшысы қызметтерін атқарды. Жергілікті партия ұйымының басшысы ретінде Мәскеу мен Украинада жүргізілген жаппай саяси қуғын-сүргінді ұйымдастырушылардың бірі болды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында бірсыпыра майдан Әскери кеңестерінің мүшесі ретінде әскери басшылыққа партиялық қадағалауды күшейтушілердің бірі ретінде генерал-лейтенант (1943) атағын алды.
1944 — 47 ж. УКСР ХКК-нің (1946 жылдан Мин. кеңесі) төрағасы, ал 1947 жылдың желтоқсанынан қайтадан Украина К(б)П ОК-нің 1-хатшысы, 1949 жылдың желтоқсанынан БК(б)П ОК-нің хатшысы және БК(б)П Мәскеу комитеттінің 1-хатшысы болды.
1953 ж. наурыздан КОКП ОК-нің хатшысы, қыркүйектен 1-хатшысы, сонымен бірге 1958 — 64 ж. КСРО Министр кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Хрущев билікке келісімен ішкі және сыртқы саясатта “жылымық” басталды, партиялық — мемлекеттік жүйені өзгертуге талпыныс жасалды. Осы мақсатта партиялық және мемлекеттік аппараттың айрықша құқықтарына шектеу жасап, біршама ашық қоғам орнады. Хрущев КОКП-ның 20-съезінде (1956) Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. Осыдан соң іле-шала саяси қуғын-сүргін құрбандары ақтала бастады.
1954 — 64 ж. аралығында КСРО-да Тың игеру жүзеге асырылды. Қудалауға ұшыраған халықтардың саяси және Әлеуметтік құқықтары қалпына келтірілді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлінді.
1954 ж. алғашқы атом электр станциялары салынды, 1957 ж. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961 ж. тұңғыш кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты. Бірақ елде демократияның дамытылуы шектеліп, социализм толық және түпкілікті орнады деген үстірт қорытынды (21-съезд, 1959) шығарылды, ал КОКП-ның 22-съезінде (1961) елде кемелденген социализм орнады деген қорытынды жасалды. Елде тоталитарлық режим сақталды, басқаша ойлаушылық тұншықтырылды, интеллигенцияға қарсы қуғын-сүргін, жұмысшылар демонстрацияларын күшпен басу (Новочеркасск, 1962, т.б.), басқа елдердің ішкі ісіне араласу (1956 ж. Венгрияға әскер кіргізу), т.б. келеңсіздіктерге жол берілді. Батыспен арадағы әскери қақтығыстар (Берлин, 1961, Кариб дағдарысы, 1962, т.б.), “Американы қуып жету және басып озу” сияқты саяси жалаң ұрандар, 1980 жылға дейін коммунизм орнату уәдесі, осылардың барлығы оның саясатының тиянақсыздығын көрсетті. Сонымен қатар шаруашылықты өркендетуде көптеген кемшіліктер жіберілді, партияның облысы ұйымдары салалық партия ұйымдарына ажыратылды. Саяси қайраткерлерге, әскери басшыларға сенімсіздік көрсетілді. 1957 ж. армия мен халықтың алдындағы беделінен қауіптеніп, қорғаныс министрі Г.К. Жуковты орнынан алды. Тың игеру барысында Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы Ж.Шаяхметов қызметінен негізсіз босатылып, орнына П.К. Пономаренко қойылды. 1956 ж. Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіруші аудандары Өзбекстанға берілді.
1958 ж. тамызда кеңестік жүйеге қарсы Теміртау жұмысшыларының көтерілісі болды. Осылардың барлығы халықтың және партия қайраткерлерінің наразылығын туғызды. 1964 ж. өткен қазан пленумында Хрущев орнынан алынып, 1-хатшылыққа Л.И. Брежнев сайланды.
Хрущев естелігі алғаш рет 1981 ж. Нью-Йоркте жарық көрді.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II томҚазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Хомутовка ауданында туғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Суворов орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Кутузов орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Суворов орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Отан соғысы партизанына медалінің иегерлері Санат:Сталинградты қорғағаны үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Оңтүстіктегі қара металлургия кәсіпорындарын қалпына келтіргені үшін медалінің иегерлері Санат:Тың жерлерді игергені үшін медалінің иегерлері Санат:КОКП бас хатшылары Санат:Еңбегі үшін орденінің (Ингушетия) иегерлері Санат:Халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайтқаны үшін халықаралық Лениндік сыйлықтың иегерлері Санат:Тарас Шевченко атындағы Украина Ұлттық сыйлығының иегерлері Санат:Болгария Халық Республикасының батырлары Санат:Георгий Димитров орденінің иегерлері Санат:1 дәрежелі Ақ арыстан орденінің (ЧССР) иегерлері Санат:Ніл орденінің Үлкен лентасының иегерлері Санат:Румыния Социалистік Республикасының Жұлдызы орденінің иегерлері Санат:Карл Маркс орденінің иегерлері Санат:Сухэ-Батор орденінің иегерлері Санат:КСРО генерал-лейтенанттары Санат:Украина КП ОК бірінші хатшылары Санат:Тайм журналы нұсқасы бойынша Жыл адамдары Санат:Лениншілдер Санат:КОКП ОК бірінші хатшылары Санат:КОКП ОК мүшелері Санат:Үш дүркін Социалистік еңбек ерлері Санат:Ресейдегі Азаматтық соғысқа қатысушылар Санат:КОКП ОК Саяси бюросы мүшелері Санат:КСРО министрлер кеңесінің төрағалары Санат:КОКП Мәскеу облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:КОКП Мәскеу облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Донецк техникалық университеті түлектері Санат:Бүкілодақтық өнеркәсіп академиясы түлектері Санат:Никита Хрущёв Санат:Хрущёв жылымығы Санат:КСРО мемуаршылары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:1-ші Украина майданы тұлғалары Санат:Ұлы Отан соғысындағы саяси қызметкерлер Санат:Карель АКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Башқұрт АКСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Украина КСР үкімет басшылары Санат:Украина КСР министрлер кеңесінің төарғалары Санат:РКФСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:РКФСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:РКФСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:РКФСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:РКФСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП Мәскеу қалалық комитетінің екінші хатшылары Санат:КОКП Мәскеу қалалық комитетінің бірінші хатшылары Санат:КСРО ІІХК айрықша үштігінің қуғындалмаған мүшелері Санат:Ресей атеистері