Көкпекті – Жем өзені алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 56 км, су жиналатын алабы 1750 км².

Бастауы Бастауын Мұғалжар тауының оңтүстік сілемдеріндегі (390 м) бұлақтардан алып, Ескімола тауынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде Атжақсы өзеніне құяды.

Гидрологиясы Арнасы тар, көктемде тасиды. Саралжындысай, Ақшолақ, Байсарысай салалары бар. Суымен мал суарылады. Жайылмасы шабындық.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жем су алабы Санат:Мұғалжар ауданы өзендері