Көктал, Сатылы – Қаратал алабындағы өзен.

Географиялық орны Жетісу облысы Панфилов ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 63 км, су жиналатын алабы 1550 км2.

Бастауы Жетісу (Жоңғар) Алатауының сілемі Тоқсанбай жотасынан басталып, Рудничный кенті тұсында Көксу өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғары тар шатқалды. Ағысы қатты. Ұзындығы 10 км-дей 81 саласы бар. Жылдық орташа су ағымы Аралтөбе ауылы тұсында 6,61 м3/с. Суымен бау-бақша суғарылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қаратал су алабы Санат:Панфилов ауданы өзендері