Көктөбе – Тарбағатай жотасының оңтүстік-батысындағы төбе.

Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы Таскескен ауылының батысында 45 км жерде орналасқан. Ай өзенінің аңғарында. Абсолюттік биіктігі 578 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай ұзындығы 18 км-ге созылып жатыр, ені 11 км.

Жер бедері Беткейі көлбеу, пішіні доға тәрізді келген. Солтүстігінде Кенжебай, Ащықұдық көлдері, шығысында Шұбарқұдық қонысы мен Қараоба төбесі, оңтүстігінде Ақөзек құдығы мен Құттыбике бұлағы, батысында Байтілеу төбесі мен Көктөбебастау бұлағы орналасқан.

Өсімдігі Құмды, сұр қоңыр топырағында еркек шөп, жусан, теріскен, баялыш, бұталар өседі. Мал жайылымына қолайлы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Үржар ауданы географиясы Санат:Төбелер