Көлқамыс – Қаратал өзенің алабындағы өзен.
Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданы жерімен ағып өтеді.
Гидрологиясы Матай тауларынан бастау алатын Майтөбе өзенінің оң саласы. Ұзындығы 55 км, су жиналатын алабы 863 км2. Өзеннің иірілімділігі орташа, аңғары мен жайылмасы кеңдеу келген. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Суы желтоқсанда қатып, наурыз айында ериді. Егін және мал суаруға пайдаланылады. Өзен аңғарында терек, бұталар өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Кербұлақ ауданы өзендері Санат:Қаратал су алабы