Көшен – Қызылсораң және Шөладыр тауларының аралығындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қошқар ауылының солтүстігінде 38 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 981 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 2,5 км. Беткейі көлбеу, ұсақ шоқылардан тұрады. Батысында Балабосаға, шығысында Ақбиік (868 м) таулары орналасқан.

Геологиялық құрылымы Төменгі тас көмір, ортаңғы және жоғарғы девон жыныстарынан, аллювийлі-делювийлі шөгінділерден түзілген.

Өсімдігі Тауалдының қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында мысыққұйрық, боз, селеу, т.б. шөптесіндермен бірге қараған, тобылғы бұталары өседі. Шөбі шүйгін мал жайылымы.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары