Кузнецов жерсағызы () – астралылар тұқымдасы, жерсағыз туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Жамбыл облысы Мойынқұм құмында кездеседі. Малтатасты және үйілген құмдарда өседі. Биікт. 1 м-дей, сабағы бұтақтысыртын қылтандар жапқан. Төм. жапырақтарының ұзындығы 9 см, ені 1 см-дей, жоғарғыларының мөлшері ұсақ, қандауыр немесе таспа тәрізді. Гүлдері сары түсті, 9 – 11-ден бірігіп, себет гүлшоғырын құрайды. Тұқымынан көбейеді. Маусым айынан қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы (ұзындығы 7 мм), алдыңғы жағында екі қатарлы аздап тілімденген қабыршақтары болады. Каучук түзетін өсімдік. К. ж. сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Санат:Күрделігүлділер