Күзеуадыр – Түнқатар тауының шығыс сілеміндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км, Жарлы ауылынан батысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Ұзындығы солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. Абсолюттiк биіктігі 920 м.

Геологиялық құрылымы Тас көмір кезеңі мен пермьнің гранитоидтарынан түзілген. Беткейлері көлбеу, аз тілімденген.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында жусан, боз, селеу, сұлыбас, көде және тобылғы өседі.‎Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары