Күш – Маңғыстау тауларының орта бөлігіндегі шоқылы тау массиві.

Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылының солтүстік-батысында 14 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 322 м. Солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 500 – 600 м шамасында. Оңтүстік беткейі тік жарқабақты, қалған бөліктері көлбеу, пішіні доға тәрізді созылып жатыр. Беткейлері аз тілімденген.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысын юра мен бордың құмды-сазды жыныстары жапқан.

Өсімдігі Етегінде жусан, тасбұйырғын басым өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы таулары