Кіндікті – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз, Көкпекті, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандарының жерімен ағады. Ұзындығы 91 км, су жиналатын алабы 1220 км².
Бастауы Бастауын Тарбағатай жотасы ның солтүстік бөлігіндегі Қосмұрын, Сарымсақты, Сылдырама, тауларынан алып, Биғаш ауылынан шығысқа қарай 14 км жерде Көкпекті өзеніне құяды.
Гидрологиясы Жағалауы құмды-сазды, кейбір жері гранитті тік жарлы. Өзен жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Суы егін суғаруға пайдаланылады. Жайылмасы шабындық.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы өзендері Санат:Көкпекті ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы Санат:Тарбағатай ауданы өзендері