Кішкене Табаққалған – Табақкеңтатыр аңғарының шығысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 661 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2,5 км.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Беткейі көлбеу, пішіні дөңгелек тәрізді. Силур жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортаңды сұр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, көкпек, т.б. өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары