Қадырбай – Ертіс алабындағы тұзды көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Аққулы ауданындағы Жабағылы ауылының оңтүстігінде 4 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 94 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 3,7 км2, ұзындығы 2,8 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 8 км.

Жағалау сипаты Ендік бағытта созылып жатқан көлдің жағалауы жайпақ, онда қамыс, құрақ шоғырлары кездеседі. Алабы шабындыққа пайдаланылады. Солтүстік-батысында 2 км жерде қарағайлы-қайыңды шоқ орманы орналасқан.

Санат:Аққулы ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы